5.09.2024, 12:14
Оқылды: 122

"Біздің ең басты құндылығымыз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау"

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында дәстүрлі түрде «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

WhatsApp Image 2024-09-04 at 18.01.10

«Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы біздің ең басты құндылығымыз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау екенін тағы да қайталап айтты. Сондықтан, әсіресе бүгінгі әлемдік геосаяси ахуалға байланысты біз өз ұстанымымызды мықты  сақтаумыз қажет. Сонымен қатар, биыл үшінші Ұлттық Құрылтайда да, ҚХА ХХХІІІ сессиясында да бес кеселге қарсы тұру мәселесі көтеріліп, осы зиянды кеселдердің алдын алу бойынша заң қабылданғаны өте орынды қадам болды. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды нығайту барысында атсалысып, жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. БҚО ҚХА құрылымдылық бөлімшелері де осы бағыттағы кешенді жұмыстарын үздіксіз жалғастырып келеді», - деді Жолдауға қатысты пікірін білдірген «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Жамал Сағынғалиқызы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале