Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисі қыркүйекте толыққанды іске қосылатынын айтты.
«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша осы жылдың қыркүйегінде «ақылды реттеу» элементтерін ескере отырып, «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисі толыққанды іске қосылады. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын жеңілдету үшін бизнес үшін «Бірыңғай терезенің» толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мемлекеттің қолдауын барынша сезіну үшін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері қабылдаған міндеттемелерді жедел мониторингілеу үшін цифрландыру құралдары белсенді пайдаланылатын болады», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтарында Руслан Дәленов Қазақстанда «Бизнеске арналған үкімет» сервисінің 200 офисі ашылатынын хабарлаған болатын.
zhaikpress.kz