28.04.2022, 12:30
Оқылды: 183

БҚАТУ ардагері – Азия чемпионы 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ардагер спортшысы Николай Коломоец Азия чемпионатында 12 келілік екі гір тасын 72 рет көтеріп жеңіс тұғырынан көрінді.  

IMG-20220428-WA0029

БҚАТУ-дың «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының доценті, «Жәңгір хан» спорт клубының жаттықтырушысы Николай Коломоец гір көтеруден Азия чемпионатында жеңісті бағындырды. Ардагерлер арасында  85+ келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы 12 келілік екі гір тасын 72 рет көтеріп, таңдай қақтырды.

Еске сала кетсек, гір спорты бойынша Азия чемпионаты 23 сәуірде Бурабайдың баурайындағы Щучинск қаласында басталған болатын.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале