20.03.2025, 16:30
Оқылды: 307

БҚАТУ би ансамблінде – бас жүлде

Жуырда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ерке-нұр» би ансамблі Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін халықаралық байқауға жол жүріп кеткен болатын.

фото Ерке нұр

Сол байқауда қазақ биімен өздерінің шығармашылық шеберліктерін мойындатқан «Ерке-нұр» бишілері бас жүлдені жеңіп алды. Бұл халықаралық байқауды Өзбекстан мәдениет министрлігінің қолдауымен «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Би ұжымын өзбек еліне бастап барған Жәңгір хан университетіндегі «Мәдениет және өнер» студиясының директоры Гүлмира Жолдыбаева ұйымдастырушылар атынан жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтар мен ұлттық қасиеттерді сіңірудегі елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале