6.11.2025, 18:00
Оқылды: 117

БҚАТУ-да әдеби кеш өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «100 кітап» республикалық жобасы аясында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын талдау сағаты өтті.

DSC09823

Университеттің «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы мен Тілдерді дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырған әдеби кеш Алаш қайраткері, ақын, жазушы М.Дулатовтың 140 жылдығына орайластырылды. Шарада алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, жастарды кітап оқуға шақырды. Бұдан әрі студенттер қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман «Бақытсыз Жамал» туындысының жазылу тарихымен және шығарма авторының өмір жолымен танысты. Сонымен қатар «Бақытсыз Жамал» спектаклінен үзінділер ұсынылып, кітап пен қойылым нұсқасын салыстыру арқылы талқылады. Кеш соңында сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.

DSC09771

М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы – «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы бойынша таңдалған шығармалардың бірі. Таңдаулы шығармаларды білім алушылар арасында насихаттау іс-шаралары университетімізде жаңа оқу жылының басынан бері жалғасып келеді.

 

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале