11.04.2025, 18:00
Оқылды: 105

БҚАТУ-да дәрісхана-мұражай ашылды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Геология дәрісхана-мұражайы» ашылды.

DSC04654

Сәуір айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін «Геологтар күніне» орай Индустриалды-технологиялық институтыт базасында жұмысын бастаған дәрісхана-мұражай 6В07204 – «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің күшімен жасақталды.

Мұражайға университетіміздегі мұнай-газ саласы мамандарын дайындаудың негізін қалаған геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор Роберт Мұсаұлы Құрманғалиев пен доцент Амангелды Бақтығұлұлы Бақтығұлов бастап жинап, кейін оқытушылар мен білім алушылардың көмегімен толықтырылған әр түрлі кен орындарының көмірсутектері, тау жыныстары, минералдары қойылды. Дәрісхана-мұражайда жоғарыда аталған мамандық бойынша «Минералогия кристаллография негіздері», «Петрография», «Литология» пәндерінен практикалық сабақтар жүргізіледі.

DSC04723

Еске сала кетсек, 6В07204 – «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасына 2021-2022 оқу жылында қабылданған талапкерлер биылғы оқу жылында алғашқы түлектер ретінде университет қабырғасынан түлеп ұшпақ.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале