Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ғылым мен агроөнеркәсіп кешенінің интеграциясы. Заман талабы» атты халықаралық қысқы мектеп өтті. Бұл туралы БҚАТУ медиа орталығы хабарлады.
Бұл шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Жәңгір хан университеті, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Белград университетінің пәнаралық зерттеулер институты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу университеті және А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Қысқы мектеп барысында студенттер мен жас зерттеушілер агроөнеркәсіп кешенін дамытуға атсалысып жүрген жетекші қазақстандық және өзбек ғалымдарының 15 дәрісін тыңдады.
Сонымен қатар халықаралық рецензияланған журналдарға мақала жазу және оны жіберу, қойларды қолдан ұрықтандыру, агроөнеркәсіптік кешендегі технологияларды коммерцияландыру бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.