Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 1 наурыз – алғыс айту күніне орай «Жастар бастамасын дамыту» орталығы және «Достық» клубының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында университетімізде білім алып жатқан өзге ұлт пен ұлыс өкілдері – профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және студенттерді есіктен қошеметпен күтіп алып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, келушілерге әр ұлттың тағамдары ұсынылды.
Еске сала кетсек, қазіргі таңда Жәңгір хан университетінде 16 ұлт пен ұлыс өкілі және 3 мемлекеттен келген білім алушылар оқиды.