3.11.2025, 18:00
Оқылды: 89

БҚАТУ магистранттары инновациялық жобаны жүзеге асыру грантын жеңіп алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бизнес-инкубаторының бизнес-инкубациялық бағдарламасының қатысушылары – магистранттар Дарья Байтымова, Аружан Искакова, Ерман Акмурзаев және Диас Кузембаев STEAM саласындағы жас көшбасшыларды дамытуға бағытталған MakerSpace Residents бағдарламасына қатысты.

2025-10-31 at 17.12.28 (1)

Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асырылып, қатысушыларға өздерінің инновациялық идеяларын дамыту, жобалық менеджмент және кәсіпкерлік дағдыларын игеру, сондай-ақ үздік жобаларды қаржыландыру мен масштабтауға қол жеткізу үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Бағдарлама барысында қатысушылар жобаларды басқару негіздерін зерделеді, ықтимал тәуекелдер мен шектеулерді бағалады, жұмыстың тиімділігі мен презентацияларды дайындау сапасын арттыратын заманауи жасанды интеллект құралдарымен танысты. Сонымен қатар командалар өз жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеп, одан әрі дамудың мақсаттары мен стратегиясын анықтады.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша БҚАТУ магистранттарының командасы 1-орынға ие болып, «Eco-Design Sprint: тұрақты жобалау және BIM-технологиялар» жеке жобасын іске асыруға 100 000 теңге көлемінде грант иегері атанды. Жоба шеңберінде тұрақты жобалау қағидаттарын ілгерілетуге және сәулет пен инженерияда BIM-технологияларды енгізуге бағытталған мастер-класстар мен шағын хакатондар сериясын өткізу жоспарлануда.

Ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің мамандары Гүлшат Айешева мен Жаңылсын Джигильдиеваның айтуынша, студенттердің мұндай бағдарламаларға қатысуы практикалық құзыреттілікті, кәсіпкерлік ойлауды және инновациялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады. Бұл университеттің инновациялық экожүйесін дамытуға ықпал етеді және оның болашақ көшбасшылар мен технологиялық шешімдерді әзірлеушілерді даярлау орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтады. MakerSpace Residents бағдарламасы жастардың шығармашылық және инженерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Университет магистранттарының осы бастамаға қатысуы олардың жоғары дайындық деңгейін және БҚАТУ ғылыми процесіне инновацияларды енгізуге деген ұмтылысын растайды. Команданың жеңісі және грант алу бизнес-инкубатордың жүйелі жұмысының маңызды нәтижесі, жастарды инновациялық және кәсіпкерлік қызметке белсенді тартудың кезекті қадамы болды!

БҚАТУ баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале