Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Адэля Доскул спорттың жатып сығымдау және классикалық жатып сығымдау түрінен ел чемпионатында жеңіске жетті.
Адэля Шымкент қаласында өтіп жатқан ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар және ардагерлер арасында жатып сығымдаудан және классикалық жатып сығымдаудан ҚР чемпионатына қатысқан болатын. Жастар арасындағы кезеңде 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен студент спортшы 80 келі нәтижесімен І орынға қол жеткізді. Енді батысқазақстандық спортшы елімізде өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.
Адэля Доскул – университетіміздегі Политехникалық институттың «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» бағдарламасының 1-курс студенті.
БҚАТУ медиа орталығы