Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 4-курс студенті Айкөркем Ихсанова әлем чемпионатында алтын және күміс жүлделерді иеленіп, еліміздің көк туын жеңіс тұғырында желбіретті.
Айкөркем Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатында Грэпплинг спортынан 20 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Әлем чемпионы атанған спортшы ару осы үлкен додада спорттың Грэпплинг Ги түрінен де ересектер арасында белдесіп, 2-орынды жеңіп алды.
Еске сала кетсек, Айкөркем елімізде өткен «Қазақ батыры» чемпионатынан аталмыш спорт түрлері бойынша II және III орындарды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Университеттің «Агротехнологиялық институтында» оқитын Айкөркем Ихсанова – БҚАТУ қабырғасындағы «Әлем чемпионы» атанған төртінші студент.
БҚАТУ медиа орталығы