Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.
Кешке жиналған мереке иелеріне гүл шоқтары мен құттықтау хаттар табысталып, ер-азаматтар мен білім алушылар жылы лебіздерін арнады. Университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов ұжымдағы әйел-азаматшаларға бейнеқұттықтау жолдаса, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Өтеген Таубаев залдағы асыл аналар мен аяулы аруларға мерекелік тілегін арнады.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Нәзік жандарға мерекелік көңіл күй сыйлаған ер-азаматтар мен белсенді студенттер кешті әсем әнмен, ырғақты бимен, көңілді әзілмен көркемдеді.
БҚАТУ медиа орталығы