Оқиға Орал қаласы маңындағы Жаңа өмір (бұрыңғы Шаған ауылы) ауылында болған. Әлеуметтік желіде 28 мамыр күні ер адам өз әйелін пышақтап тастағаны туралы ақпарат тарады. Әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған. Оқиғаны БҚО Полиция департаменті растады.

Сурет: istockphoto.com
-Болған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша ол әйелін қызғанып осындай қадамға барған, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Біз Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжановаға хабарласып отбасы туралы сұрадық.
Күйеуі 1993 жылғы, әйелі 2003 жылы дүниеге келген. Отбасындағы үш бала анасыз қалды, - деді Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжанова. Әйел адамның жасы бар болғаны 23-те.
Жанат Көшкінбай,