Облыс басшысы Ғали Есқалиев Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарына жасаған іс сапары барысында бірқатар шаңырақтарда болып, шаңырақ иелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Жәнібек ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында тұратын он алты жастағы Дана Өтебаеваны қабылдап, «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты облыстың мемлекеттік қызметкерлері көтерген бастама аясында оған бағалы сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, былтыр қазан айында үйлерінен өрт шығып, Дананың анасы газға уланып, қайтыс болған еді. Өжет қыз өрт сөндірушілер жеткенше өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып алған.
Сондай-ақ өңір басшысы Ғ.Есқалиев Жәнібек, Бөкей ордасы, Казталов ауданындағы бірқатар көпбалалы аналарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстады.
zhaikpress.kz