5.01.2024, 15:00
Оқылды: 57

БҚО әкімі кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыстық кардиологиялық орталыққа барып, денсаулық нысанының жұмысымен танысты.  Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.57.55

Өңір басшысына медициналық орталықтың заманауи соңғы үлгідегі жабдықтары, сондай-ақ, рентгендік ангиографиялық құрылғы таныстырылды.

Жаңа аппарат жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностика істеуге және емдеуге, жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтау және аурудың белгілері басталғаннан кейінгі алғашқы минуттарда медициналық көмек көрсетуге арналған.

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.57.56

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын  бекіткен болатын. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан маңызды жобалар қолға алынады, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.58.28 (1)

Бұдан соң, өңір басшысы орталықта дәрігерлермен жүздесіп, ем алушылардың жағдайын білді.

Бүгінгі күні орталықта 187 бірлік медициналық құрал-жабдық бар.

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.58.28

Жалпы 2023 жылы тәулік бойы стационарда 4 334 науқас емделіп шыққан.

Орталықта білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін адам жүрегіне 200-ге жуық күрделі ота жасалған.

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.58.30

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2024-01-05 at 14.58.28

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале