18.06.2025, 14:30
Оқылды: 395

БҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті: бизнесті қолдау – басты назарда

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға шағын және орта бизнес субъектілері, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

5c7057a51ec2db77ed73d410b7c9b7b5_1280x720

Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, іскерлік ахуалды жақсарту, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған механизмдер сөз болды. Облыс әкімі өз сөзінде кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі екенін айта келе, билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығына тоқталды.

«Жұмыс орындарын ашу, отандық өндірісті ілгерілету, инвестициялық тартымдылықты арттыру – барлығы кәсіпкерліктің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан біз бизнес өкілдерімен үнемі байланыста болып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп отыруға мүдделіміз», – деді Нариман Төреғалиев.

Кәсіпкерлер өз кезегінде өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру, сондай-ақ жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру мәселелерін көтеріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу ашық әрі конструктивті форматта өтіп, мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға жаңа серпін берді.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале