8.08.2025, 15:30
Оқылды: 453

БҚО әкімі құрылысшыларды марапаттады

Тамыз айының екінші жексенбісі – құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір құрылысшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.07 (2)

Сала мамандарымен кездесуде аймақ басшысы өңірдегі құрылыс саласының даму қарқынына тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуінде құрылысшылардың еңбегі ерекше екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.07 (3)

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында құрылыс саласының ұлттық экономикадағы стратегиялық маңызын ерекше атап өтуде. Құрылысшылардың еңбегінің арқасында облысымызда жыл сайын тұрғын үй көлемі артып келеді. Қоғам өміріндегі барлық маңызды жобалар мен нысандардың артында – Сіздердің тынымсыз тірліктеріңіз, тиянақты жұмыстарыңыз тұр»,- деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.08 (1)

Салтанатты жиын барысында құрылыс саласының дамуына зор үлес қосқан құрылысшыларға «Еңбек ардагері» медалі, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, «Құрмет грамоталары» мен алғыс хаттар табысталды.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.08 (2)

Батыс Қазақстан облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Биыл 7 көпқабатты және ауылдық жерлерде 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жалпы 1200-ден астам пәтер пайдалануға беріледі.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.07

Соңғы екі жылда өңірде 22 мектеп ашылып, 7 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 2024 жылы 3 мектептің құрылысы аяқталса, биыл жыл соңына дейін тағы 6 мектеп ашылады.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 16.09.07 (4)

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2025 жылға дейін 50 медициналық нысан салу жоспарланған. 2023-2024 жылдары 36 нысан пайдалануға берілді, биыл 13 нысанның құрылысы толық аяқталды. Қазір соңғы нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

 

БҚО әкімдішінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале