4.04.2025, 15:30
Оқылды: 64

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев “24 KZ” телеарнасына сұхбат берді

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев “24 KZ” телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы облыс әкімі өзінің Facebook парақшасына жазды.

Снимок экрана 2025-04-04 160041

Сурет: бейнежазбадан алынды

- Өңір басшысының жазбасында «Әңгіме барысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталдық. Атап айтқанда, өңірге инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың дамуы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық жобалар, ауылдарды өркендету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ облыстық бюджет, көршілес өңірлермен іскерлік байланыс және бірқатар маңызды бастамалар жайында пікір алмастық, - делінген.

Сұхбаттың толық нұсқасын  “24 KZ” телеарнасынан көре аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале