6.10.2024, 9:37
Оқылды: 169

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7605e059-efe9-483c-891d-905401e2588c

Дауыс бергеннен соң, облыс әкімі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Бүгін – мемлекетіміз үшін маңызды күн. Жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Менде дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім. Еліміздің әр тұрғыны бүгін дауыс беру учаскелеріне келіп, еркін түрде өз таңдауын жасай алады. Батыс Қазақстан облысы тұрғындары бүгін өздерінің азаматтық белсенді позицияларын көрсетеді деген сенімдемін», - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

7b596dc3-d201-477c-a170-602854ebd4f7

Айта кетейік, бүгінгі референдумда Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы, 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда.

Қазіргі мәліметтерге сәйкес, облыс тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылының тұрғындары бір сағат ішінде дауыс беруді аяқтаған. Аталған ауылдың 180 тұрғыны бар.

Олардың 90-ы дауыс беру құқығына ие. Жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.

​​

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале