20.03.2025, 17:00
Оқылды: 377

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданында салынып жатқан жайлы мектептердің құрылыс барысын тексерді

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданының Ақсай қаласына барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордаларының құрылысымен танысты.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 17.52.57 (1)

Сапар барысында аймақ басшысы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды қарап шықты:

  • Ақсай қаласындағы 300 орындық №1 мектеп;
  • Ақсай қаласының 13-ықшамауданында 900 орындық мектеп;
  • Бөрлі ауданының Пугачёв ауылындағы 300 орындық мектеп.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 17.52.56 (1)

Облыс әкімі мердігер ұйымдардың басшыларына, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының өңірлік өкіліне және Бөрлі ауданының әкіміне құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару қажеттігін ескертті. Аймақ басшысы бұл жобаның Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 17.52.57

Заманауи және қолайлы білім беру мекемелерін құру – өңірлік дамудың басым бағыттарының бірі. Бұл білім сапасын арттыруға және өскелең ұрпаққа қолайлы оқу жағдайларын жасауға бағытталған.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 17.52.56

Айта кетейік, 2025 жылы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында алты мектептің құрылысы аяқталады.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале