Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханаға барып, өрттен зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.
Әкім Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және аурухананың бас дәрігеріне жарақат алған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.
Өрттен зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда. 2 ер адам және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде. Ал бір ер адам травматологиялық бөлімде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайындағы «Rizyq» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Апат салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын. Ал, түстен кейін тағы бір адамның денесі үйінділер астынан табылғаны туралы ақпарат түсті.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі