8.11.2021, 10:04
Оқылды: 77

БҚО әкімі оқушылар сарайында облыс жастарымен кездесті

Кездесуге жастар ұйымдарының, бірлестіктердің өкілдері мен еріктілер қатысты. Кездесу ашық алаң форматында өтіп, онда әрбір жас өз жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

4

ҚазИТУ ғылыми-білім беру кешенінің проректоры Закир Хамзин бірінші болып сөз алып, "Bilimdiler dodasy"зияткерлік жобасын ұсынды. Қазақстандағы ең жас проректор "Ақжайық жастарымен" бірлесіп, өңір жастарының эрудициясын дамытуға бағытталған телевизиялық жобаны іске асыруда. Жобаның екінші маусымында аудандық лигаларды құрып, республикалық деңгейге шығуды жоспарлауда.

5

Облыс әкімі "Ақжайық" телеарнасының эфирінен жоба шығарылымдарын көргенін айтты.
- Бұл жан-жақты дамуға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған қызықты сұрақтар қойылатын жақсы жоба, - деген өңір басшысы жобаға қолдау көрсетуді қарастыруды тапсырды.

8
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамыту бағдарламасының жастарды қолдау аясындағы шаралар жөнінде "DS dental clinic" стоматологиялық клиникалар желісінің жетекшісі Самат Ихласов айтып берді. Ағымдағы жылы Зачаганск кентінде МӘМС бойынша қызмет көрсетілетін желінің үшінші филиалы ашылды. Бүгінде клиникалар желісі 100-ге жуық тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.
Облыс әкімі облыс тұрғындары үшін маңызды жұмыс жүргізіліп жатқанын және осындай мысалдар біздің жастарды ынталандыратынын атап өтті.
"Назар аудар" театрының жетекшісі және актері Азамат Аленов әлеуметтік роликтермен, қысқа метражды фильмдер туралы ойымен бөлісті және батысқазақстандық көрермен үшін жақында әзіл-сықақ жанрындағы шығармашылық бірлестіктің өнер көрсететінін жариялады.
Өңір басшысы атап өткендей, мұндай бастамаларды қолдау қажет. Өңірде таланттарды шығару үшін барлық жағдайлар жасалуда, оған жақында ашылған "Атамекен"өнер сарайы жарқын мысал бола алады.
"Мастер Дэнстің” жұмысы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және жас орындаушылардың халықаралық жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сағындық Дагаров айтып берді.
Өңір басшысы Жастар ұйымдары мен жастар саясаты мәселелері басқармасы өңір жастарына қажетті идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға тиіс екенін атап өтті. Тек жобалар ашық және сапалы болуы тиіс.

10
– Қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет. Мысалы, жабдық, жарық, дыбыс, сахнаны қажет ететін көптеген іс-шаралар бар. Мұның барлығы біздің басқармаларда бар. Жабдықты концерттер ұйымдастыратын жастар бірлестігіне жалға беру арқылы өңір үшін маңызды шараларды неге ұйымдастырмасқа?! Бұл жерде бірлестік өз іс-шараларын ұйымдастырудан түскен қаражатқа жабдықтарды жаңарта алады. Мұндай тәжірибе бізде сирек қолданылады, көбіне кез келген дүние бюджет есебінен шешіліп жатады.
Сонымен қатар, әр кабинетке назар аудару керек. Әр шаршы метр жұмыс істеуі керек, - деді облыс әкімі.
Кездесу барысында атап өтілгендей, өңір жастарының әлеуеті өте жоғары. Облыста 125 мыңнан астам жас бар. Жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жастарын дамытудың жол картасы іске асырылуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале