23.02.2021, 12:55
Оқылды: 21

БҚО әкімі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың күтіп ұсталуын сынға алды

Облыс әкімі Ғали Есқалиев бейнеконференция байланысы режимінде БҚО-да республикалық маңызы бар автожолдарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

ж2

Кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК филиалы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылары, техникалық және авторлық қадағалау қызметтері мен мердігерлік ұйымдар өкілдері қатысты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов өз баяндамасында БҚО бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 1 414 км, оның ішінде «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайдағы автожолдардың үлесі 1 327 км немесе 94% құрайтынын жеткізді. 2021 жылы облыс үшін бөлінген қаржыландыру көлемі 20,9 млрд. теңгені, оның ішінде күрделі жөндеу объектілері үшін 20 млрд. теңгені құраған. Орташа жөндеу жұмыстары үшін 50 млн. теңге бөлінсе, ол Хан Ордасы ауылына кіреберіс (15 км) жолды жөндеуге бағытталған. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 1 176 шақырым автожолды күтіп ұстауға 850 млн. теңге қарастырылған.

ж3

Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға 100 шақырымнан астам жолды жөндеу, 4 көпір мен 20 су өткізу құбырын салу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

– Қайта құру жобалары бойынша жоспарларға келетін болсақ, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Атырау – Орал" және "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" автожолдарын 1 және 2 техникалық санатқа ауыстыра отырып, қайта жаңарту қарастырылған. Әңгіме құны 156 млрд. теңге болатын Атырау – Орал тасжолының 303 шақырымы және құны 75 млрд. теңге болатын Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы туралы болып отыр, - деді Ұ.Әліпов.

Күтіп ұстау жұмыстарын орындауға облыстық филиалда 78 бірлік техника бар, оның ішінде 49 бірлік қысқы күтіп ұстауға арналған. Бүгінгі таңда 7 өндірістік база толығымен дайын және көктайғаққа қарсы күреске техникалар сақадай сай тұр.

Облыс әкімі баяндамада айтылған жобалардың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, жұмысқа жергілікті кен орындарын пайдалану қажеттілігіне тоқталды. Бұл мемлекетке де, мердігерлерге де тиімді болмақ.

Өңір басшысы мердігерлік ұйымдардың жолдарды күтіп ұстау және олардың қызметіне бақылау жасау жұмыстарын сынға алды.

ж1

- Маған облыс тұрғындары хабарласып, тексеруші қызметтер үнемі баяндап отырады. Бұлар мердігерлік ұйымдардың жолдарды күтіп ұстау бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындамауынан туындап отыр. Атап айтқанда, объектілерде мұз айдындары, асфальтбетон зауыттары келісім-шартта көрсетілген мамандар, техникалар жоқ. Сондай-ақ, зертханалар материалдарды дұрыс тексермейді деген ақпарат бар. Осындай жұмыстың нәтижесінде біз кестені бұзып, жұмыс сапасына кері әсерімізді тигіземіз, - деді өңір басшысы.

Өңір басшысының айтуынша, жыл сайын мердігерлік ұйымдар жолдарды тазарту үшін техниканы жалға алу туралы хабарлайды. Алайда облыс тұрғындары үнемі тазартылмаған жолдармен бетпе-бет келеді. Жосықсыз жұмыс апаттың себебі болуы мүмкін.

Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамайтын мердігерлерге қатысты бүгінгі күні шарттың жекелеген тармақтарына сәйкес төлемеу бойынша шаралар қолданылатынын атап өтті.

– Бұл жеткіліксіз, осындай мердігерлермен келісімшартты бұзу бойынша айыппұлдар мен шаралар енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет, - деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале