10.10.2024, 17:00
Оқылды: 116

БҚО әкімі өңірлік кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті

Бүгін Орал қаласында облыс әкімі өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстанның жаңа буын көшбасшыларын дайындауға бағытталған кадрлық резерв бағдарламасына іріктелген жас мамандар қатысты. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақста ноблысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

161fabe2-6d1e-4c0a-b89c-771fbbfaaf9d

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, кадрлық резервтің өңірдің және жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса алатын жас мамандарды даярлаудағы маңыздылығын атап өтті.

Өз сөзінде ол жас кадрларды қолдау облыстың стратегиялық дамуындағы басты бағыттардың бірі екенін және кадрлық резерв мүшелерінің аймақтағы оң өзгерістердің қозғаушы күші болатынына сенім білдірді.

a9c95c40-9bab-44ae-8049-e08471d20061

«Сіздер – біздің өңірдің және еліміздің болашағысыздар. Сіздердің білімдеріңіз, энергияларыңыз және көшбасшылық қасиеттеріңіз экономикамызды нығайтуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамның барлық салаларын дамытуға ықпал етеді. Біз сіздерге мақсаттарыңызға жету жолында қолдау көрсетуге және кәсібиәрі жеке өсуге мүмкіндік беруге дайынбыз», - деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов жас мамандарды қолдау мен оларды мемлекеттік басқару жүйесіне интеграциялаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол аймақтық кадрлық резерв мүшелерінің өңірдің болашағын қалыптастыратын жас көшбасшылар екенін айтты.

«Өңірлік кадр резервінің мүшелері – бұл өңірдің болашағын қалыптастыратын жас көшбасшылар. Сіздердің энергияларыңыз және басқаруға деген тың көзқарастарыңыз жаңа тәсілдерді енгізуге және өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Біз бірлескен күш-жігермен үлкен табыстарға жететінімізге сенімдіміз», - деп атап өтті Мұрат Байсалов.

d150b7f8-5316-4164-8432-7157437beebe

Кездесу барысында кадр резервінің мүшелері өздерінің қоғамның әртүрлі салаларын жақсартуға бағытталған идеяларымен және жобаларымен бөлісті. Басқарудың тиімділігін арттыру, инновацияларды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі қатысушыларды өңір игілігіүшін белсенді жұмыс істеуге шақырып, олардың бастамалары мен кәсіби жетістіктері аймақтың дамуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, іріктеу 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматтарының арасында жүргізілді.

Жобаның негізгі мақсаты өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту жәнежас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру болып табылады.

Жалпы Батыс Қазақстан облысынан жоба сайтына
423 адам тіркеліп, олардың 273-і іріктеуге жіберілді.

Өңірлік кадр комиссиясының шешімімен жеті салалық бағыт (өнеркәсіп және өндіріс, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары, цифрландыру және экология) бойынша 30 кандидат резервке алынды.

Сонымен қатар кадрлық резервтен алғашқы тағайындаулар да бар. Мысалы Казталов ауданының тұрғыны Жұлдыз Жусупова ауылдық және аудандық деңгейдегі жұмыс тәжірибесін облыс әкімінің аппаратында қолданатын болады.

Осындай тағайындаулар аудандық әкімдіктерде де күтіліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале