29.12.2023, 17:43
Оқылды: 45

БҚО әкімі Президенттің атынан балаларға сыйлықтар табыстады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Президенттің атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20231229-WA0152

Оралда әкім үш баланың үйіне барды.

IMG-20231229-WA0155

Орал қаласының кішкентай тұрғындары Мерген Айсана, Сапункова Сабина, Бахирова Надия жаңа жыл қарсаңында Президенттің атына, өздерінің жаңа жылда не қалайтындары туралы хат жазыпты.

IMG-20231229-WA0156
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев балаларға сыйлықтарын табыс етті.

IMG-20231229-WA0154
«Балақайлар, сендерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз атынан Жаңа жылмен құттықтап, арнайы хат жолдап отыр. Сыйлықтарыңды да жіберді. Оқуда озат болыңдар, бар жақсылықтарды тілеймін! Жаңа жылдарыңмен!» - деді өңір басшысы.
Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады.

Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады.
Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түсті, соның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды.
Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.
Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале