Демалыс күндері облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бәйтерек, Ақжайық аудандарына іс сапармен барып, су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстың жүргізілуі және су қоймаларының бүгінгі жағдайымен танысты.
Атап айтқанда өңір басшысы Бәйтерек ауданында салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысын және Жайық-Көшім суару-суармалау жүйесінің жұмысын қарап, Ақжайық ауданы Тоған кентіндегі Киров су қоймасының реконструкциялау барысын тексерді.
Сонымен қатар Көшім магистральдық каналын тазарту процесін де қадағалады. Бүгінде каналдың жоспарға сәйкес 8 шақырымының 5,5 шақырымы механикаландырылған әдісімен тазартылған.
Бұл болашақта Жайық өзенінен судың Жайық-Көшім су жүйесіне құйылу деңгейін арттырады.
Сапар барысында Нариман Төреғалиев ауа-райының құбылмалылығын, қауіп айтып келмейтінін ескеріп, ертерек су тасқынының алдын алуға дайындалу қажеттігін баса айтты.
Осы орайда облыс әкімі жөндеу жұмысының сапалы әрі уақтылы жүргізілуін және су тасқынының алдын алуды күшейтуді тапсырды.
Облыс әкімдігінің
баспасөз қызметі