Ауыл шаруашылығы төтенше жағдай кезінде аймақтағы рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енді. Қазіргі уақытта өндірістік қуаттардың тұрақтылығы және халық арасында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету аса маңызды. Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі ауданындағы ағымдағы жұмыстармен танысты. Бұл жайлы облыс әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.
Биылғы ауа райының қолайлы болуына байланысты тиісті жұмыстар екі апта бұрын басталған болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алынған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім көлемі 72,8 мың тоннаны құрады. Биылғы жылы жыртылған жерлердің құрылымын әртараптандыру аясында 124,4 мың га алқапқа егу жоспары бекітілді. Оның ішінде 52,2 мың гектар дәнді дақылдар, 18,85 мың гектар майлы дақылдар, 52,4 мың гектар азықтық дақылдар, 0,96 мың гектар картоп және көкөніс дақылдары егілді. 2020 жылдың астығына 15,6 мың гектар жерге күздік дәнді дақылдар егілді.
Айта кету керек, ауданда 3 ауыл шаруашылығы құрылымдары жылыжай жағдайында көкөніс өсірумен белсенді айналысады. Өткен жылы Әйтиев ауылында "Теректі өнімдері" ЖШС көлемі 3000 шаршы метр жаңа жылыжайды іске қосты.
Бүгінгі күні көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға 2250 тонна жанар-жағар май бөлінді. Егіс жұмыстары үшін 11 мың тонна тұқымдық материал дайындалды және ылғалды жабу жұмыстары толығымен аяқталды.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Тұлпар LTD» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
2019 жылы компания конкурстық негізде бұрын мемлекетке қайтарылып, пайдаланылмай жатқан жерден 2 мың гектар алған болатын. Бүгін аталған серіктестік осы жаңа мүмкіндіктерді белсенді пайдалануда.
Фермерлік шаруашылық 2003 жылдан бастап өсімдік шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні 8 мың гектардан астам оның аумағында 16 адам еңбек етеді. Компания 1,2,3 репродукциялы тұқым өндіру саласында жұмыс істейді және олармен ауданның барлық ауыл шаруашылық құрылымдарын қамтамасыз етеді.
Компания директоры Валерий Голоухов атап өткендей, 2020 жылға 3,7 мың гектардан астам күздік дақылдар егілді.
- Биыл шаруашылық 3,5 мың га күнбағыс, 390 га жаздық бидай егуді жоспарлап отыр, - деді В.Голоухов.
Бiр күнде қызметкерлер 2 ауысымда жұмыс істейді. Шаруашылық қызметкерлері қызмет үшін жақсартылған жағдайлар жасалғанын атап өтті. Жаңа технологиялардың арқасында машина жұмыс учаскесін өзі анықтай алады.
Жаңа технологиялар майлы дақылдармен жұмыстарда да қолданылуда. Шаруашылық еуролайтингтік 1500 күнбағыс тұқымын сатып алды. Қолдану мерзімі икемді бұл гербицид белгілі бір өндірістік жүйені пайдалана отырып, егістіктен кейінгі өңдеу көмегімен арамшөптердің кең спектрін тиімді жою үшін қолданылады. Бұл жұмыстар технологияларды сақтай отырып, ғылыми зерттеулер негізінде жүзеге асырылуда.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев бүгінгі күні осындай батыл эксперименталдық жобаларды қолдану мүмкіндіктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан және фермерлік шаруашылық басшыларының назарын жаңа жұмыс орындарын сақтау мен ашудың маңыздылығына аударды.