9.07.2020, 16:07
Оқылды: 26

БҚО әкімі тұрғындардың ауыз суға қатысты шағымына жауап берді

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев онлайн брифингте Орал қаласындағы ауыз су кестесінің өзгеруіне байланысты тұрғындар шағымына жауап берді.

11EEF5C2-F7BA-409D-ACB3-9047230B65E7

«Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Қазіргі кезде судың баяу берілуіне байланысты туындап отырған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Соңғы жылдары кәріз жүйесінде апатты жағдайлар болуда. Биыл Шолохов көшесіндегі бес шақырым кәріз құбыры жөнделуде. Соған байланысты Неусыпов көшесіндегі құбыр желісіне салмақ түсіп тұр. Карантин шектеуіне байланысты жеке үйлерде су тұтыну мөлшері көбейді. Аталған мәселені шешу үшін кәсіпорындармен келіссөз жүргізілуде. Егер жеке пәтеріне мүлдем су жетпей жатқан тұрғындар болса, қала әкімдігіне хабарласып немесе «109» нөміріне өтінім жолдап, тәулік бойы қызмет ететін мобильді бригаданы шақырта алады», – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале