Бүгін халық алдындағы жылдық есебі кезінде облыс әкімінен тұрғындар Чапаев-Казталов-Жәнібек-Ресей шекарасы жолының құрылысы қашан аяқталатынын сұрады.
-Жәнібек пен Сайқын ауылдарына дейінгі жолдардың құрылысы былтыр баяу жүрді. Пандемияға байланысты тек бізде емес барлық аймақтардан қаражат кері қайтарылды. Себебі індетпен күреске көп қаражат қажет болды. Кейбір жобаларымыз ойдағыдай іске аспады. Биыл 129 шақырым жол сол бағытқа салынады. Чапаев-Казталов-Жәнібек-Ресей шекарасы жолының 80 шақырымы, яғни басым бөлігі биыл жөнделеді. Үлгермесек, келесі жылы осы жол құрылысы аяқталады, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
zhaikpress.kz