Облыс әкімі Ғ.Есқалиев Ақжайық өңірінде қоғамдық жұмыста белсенді қызмет атқарып жүрген жастармен және волонтерлермен кездесті.
Бұл шараның мақсаты волонтерларға арналған www.volunteer07.kz сайтының жұмысы мен әкімдіктің әрбір жасқа, әрбір волонтерға ашықтығын жеткізу болды.
Шара барысында еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері өз пікірлерімен бөлісіп, Ғали Нәжімеденұлына тілектерін жеткізді.
Өңір басшысы жастармен жүздесу барысында биылғы жылға арналған нақты тапсырмалар мен жақсы ұсыныстар жасады.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер