5.09.2024, 16:15
Оқылды: 14

БҚО әкімі жетінші сәбиін өмірге әкелген ананы құттықтады

Қазір республикалық деңгейінде Отбасы күні аталып өтіп жатыр. Отабасы күні мерекесі – әр күні әр түрлі тақырыппен мерекеленіп жатыр. Мәселен бүгін – дені сау ұрпақ күні. Осы күннің құрметіне орай емханалар мен ауруханаларда «ашық есік» күні ұйымдастырылды. Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев дүние есігін ашқан барша нәрестелерге құтты болсын айтты.

44D110EA-C3F8-4E61-94AC-A98E019B5DAA

Отбасы күніне орай облыстық перинаталдық орталықта салтанатты жиын өтті. Жиынға БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина және «Ақ отау» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алтынай Ескалиева қатысты.

Бүгінгі күн – ерекше күн. Себебі Бөкей ордасы ауданының тұрғыны Ғұбашевтар әулетінде жетінші бала дүниеге келіп, отбасы мүшелері қуанып жатыр. Осы қуанышты күні аймақ басшысының құттықтауын көпбалалы отбасыға БҚО ҚДБ басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева жеткізді.

1DB75483-8DC3-405C-ABBC-F53581BB2A7E

– Қасиетті Бөкей орда топырағында, Ғұбашевтар әулетінде дүниеге келген батырдың бауы берік болсын. Бұл батыр – осы әулеттегі жетінші бала. Біз сіздің әулетті шын жүректен құттықтаймыз. Баланың дені сау болсын. Мен сіздерге БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізгелі келдім. Біздің еліміз жас отбасыларды, көпбалалы жанұяларды қолдап келеді. Үлкен жанұяларды қолдау ісін мемлекет алдағы жылдары да жалғастыра береді. Биыл міне, Отбасы күнін кең көлемде атап өтіп жатырмыз. Мен сіздердің отбасыларыңызға бар жақсылықты тілеймін, - деді БҚО ҚДБ басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева.

Бүгін презентханадан жетінші баласын шығарып алып жатқан Ғұбашевтар – Бөкей ордасы ауданының тұрғыны. Олар 2007 жылы үйленген.

949CD50C-D77D-4A8A-A6E8-7E4B3D7ACB31

– Біз бүгін жетінші баламызды үйге алып бара жатырмыз. Біз көпбалалы отбасымыз. Бүгін бізге құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рахмет. Өте қуаныштымыз, әр отбасына амандық тілейміз. Қазақтың саны көбейіп, әр отбасында бүлдіршіндер аман өсе берсін. Әр әйел аман-есен босанып, сәбилерін құшағына алсын. Осындай бақытты күнді баршаңызға тілеймін, - деді жас ана  Зүлфия Ғұбашева.

Салтанатты жиын соңында көпбалалы отбасыға облыс әкімінің атынан сыйлықтар табыс етілді.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале