28.09.2023, 15:45
Оқылды: 55

БҚО әкімінің баспасөз қызметі: «Облыс әкімінің отставкаға кетуі туралы мәселе заң аясында қарастырылды»

Е.Балтаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқару кезінде 2023 жылдың ақпанында басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қылмыс жасауға бағытталған заңсыз тапсырма берген.

обл акимат

«Бұл факті анықталған кезде Е.Балтаев түсініктеме жазды және оны теріс себептер бойынша  жұмыстан шығару жөнінде шешім қабылданды.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімімен отставкаға шығу туралы мәселе заң аясында қарастырылды.

Алайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 60-бабына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымға тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса отставкаға өтініш беретіндігі атап көрсетілген.

Орал қалалық сотының заңды күшіне енген үкіміне сәйкес Е.Балтаев өзінің қылмыстық пиғылын 2023 жылдың ақпанында іске асырып бастаған.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев өз қызметіне 2022 жылдың 2 желтоқсанында тағайындалды. 2023 жылдың ақпанында Е.Балтаев заңсыз тапсырма берген кезде Н.Төреғалиев әкім лауазымында үш айдан аз уақыт жұмыс атқарған.

Сондықтан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының тиісті нормасына сәйкес бұл нақты жағдайда қолданылмайды» делінген БҚО әкімінің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале