25.09.2019, 15:40
Оқылды: 79

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев актив отырысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөзбен байланыс жөніндегі қызметі.

Egizbaev

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Серік Рахметоллаұлы Егізбаев тағайындалды.

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары:

- БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

- ҚР Қаржы министрлігі департамент бөлімінің бастығы.

-ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,.

-ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

-ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.

Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етпек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале