11.05.2020, 19:39
Оқылды: 48

БҚО аумағында COVID-2019 таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы бас санитариялық дәрігердің қаулысы қабылданды

Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы БҚО бас санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулысы қабылданды. 0964F73F-2863-4F95-8867-0F64BD2DFEF1

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы,  21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында КВИ-дің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысы аумағында мынадай шаралар қабылдансын:

1.1. Батыс Қазақстан облысы аумағында 2020 жылдың 25 мамырына дейін карантин режимін енгізу;

1.2. Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің аумағында тоқтаусыз кез келген қатынас жолдарының транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру;

1.3. Орал қаласы, Бөрлі ауданы және Батыс Қазақстан облысы аумағынан кіруге/шығуға тыйым салу, төмендегілерді қоспағанда:

- бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне қайтқан кезде;

- бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне кірген басқа өңірлердің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан кезде;

- бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары елімізден шыққан кезде, сондай-ақ әуе көлігімен одан әрі елімізден шығу мақсатында кіргендер;  

- бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен БҚО азаматтары БҚО-ға қайтқан кезде;

- Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен БҚО азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға бағыт алған еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдар мүшелері;

- пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, әуе, теңіз кемелерінің экипаждары, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөліктерінің жүргізушілері;

-  БҚО азаматтары отбасыларының мүшелері болып табылатын шетелдіктер (туысқандық байланыстарын растаған жағдайда – (ері (зайыбы), олардың ата-аналары, балалары);

-  қала маңындағы аймақтарда/аудандарда тұратын және Орал қаласында жұмыс істейтін, не Орал қаласында тұратын және аудандарда жұмыс істейтін тұрғындар тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай, қызметі Жедел штаб бекіткен салалар тізіміне енгізілген және http://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелген ұйымдар үшін;

- Орал қаласы/ауданда тұратын, бірақ өңірлерде жұмыс істейтін тұрғындар (кіру/шығу – Орал қаласының/ауданның коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – ЖТ) басшысының шешімі бойынша және оның жеке жауапкершілігімен);

-  жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғалар мен автокөлік құралдары;

- отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата/анасы), балалары, асырап алушылар, толық және толық емес туысқандық қатынастағы ағалары, апалары, аталары, әжелері, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдар, растайтын құжаттары болған кезде, сондай-ақ отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мүрдесін (денесін) жерлеу орнына апару үшін ілесіп жүрген адамдар.

- саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін.

1.4. Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы тұрғындарына:

- серуендеу, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға бару (ойын-сауық объектілеріне бармай) мақсатында, сондай-ақ өзге жағдайларда міндетті түрде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұрғылықты жерлерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;

- туысқандар, таныстар, көршілер, әріптестер және т.б. баруға тыйым салынады;

1.5.Осы қаулының қосымшасында көрсетілген және http://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелген уақытша жабылуға жатпайтын ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру:

Кәсіпорындар мен ұйымдар осы тізімге облыстың Жедел штабының шешімімен, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің өтініші бойынша немесе жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардың шешімі бойынша енгізілуі немесе шығарылуы мүмкін.

Облыстың Жедел штабының қабылдаған шешімі туралы ұйымдар мен кәсіпорындар http://www.STOPCOVID.KZ.сайты арқылы sms-хабарламалармен хабардар етіледі.

1.6. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін өзгерту;

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеулі тәртіп аясында жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толтырылуы 3 адамнан аспауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен және антисептиктермен) қамтамасыз етілуі тиіс.

1.7. Ауыл/кент/қаланың белгілі бір ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерін ерекше режимге ауыстыру:

Медициналық мекемелер, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (бұдан әрі - БҚО ТКҚСҚБД) және оның аумақтық басқармалары, БҚО төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі –ТЖД) және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлері үшін көліктер бөлінуі қажет.

БҚО аудандары мен Орал қаласының әкімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, орналасқан/тұрғылықты жерлерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай тасымалдау үшін маршруттарды әзірлейді.

1.8. Орал және Ақсай қалалары, БҚО аудандарының елді мекендерінде ағымдағы ауқымды дезинфекциялауды жүзеге асыру:

Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды тазалауды/тазалау жиілігін қарастырады:

• карантинде ұсталатын емдеу мекемелері – аптасына 2 рет, сейсенбі және сенбі күндері;

• азық-түлік базарлары – күн сайын;

• тротуарлар, аялдама павильондары, алаңдар, саябақтар, гүлзарлар, контейнерлік алаңдар – күн сайын;

• мемлекеттік мекемелер мен жұмысы тоқтатылмаған өзге де ұйымдардың ғимараттары – аптасына бір рет;

• тұрғын үй кварталдарының аула аумақтары мен тұрғын үй кіреберістері - Орал қаласы/аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің  басқаруымен және кесте бойынша.  

Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТКҚСҚБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде далаға шықпау ұсынылады.

Халықпен алдын ала байланыс орнату (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.

Карантиннің ұзақтығы соңғы науқасты оқшаулау және жұқтыру ошағында дезинфекциялық іс-шаралар аяқталған сәттен бастап COVID-19 вирусының инкубациялық кезеңіне (инкубациялық кезең 14 күнді құрайды) байланысты анықталады.

2. БҚО полиция департаменті:

1) азаматтардың саябақтарда және ойын-сауық нысандарында болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастыру;

2) карантиндік аймақты толықтай қоршауды қамтамасыз етіп, қалаға жаяу кіру мүмкіндігінің жолын кесу;

3) мұндай фактілердің алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жарялау;

4) қоғамдық кеңістіктерді патрульдеу, оларды жариялау және бейнебақылаумен жабдықтау жөніндегі шараларды күшейту;

5) қажет болған жағдайда басқа бағыттардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық құрамын жұмылдыру;

6) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті, сот төрелігін іске асыруды қамтамасыз етужөнінде алгоритм әзірлеу;

7) сыбыстар мен арандату ақпараттарының жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауға алу. Мұндай деректерді таратуға ұмтылушылықтың кез келген жолы қатаң кесілуі тиіс, авторларды анықтап, жазалау қажет.

3. БҚО денсаулық сақтау басқармасына:

1) созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін, оларды үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы шектеу. Аталған ұйымдардың тек жіті аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету;  

2) пандемия дамуының әртүрлі нұсқаларына (соның ішінде ең пессимистік) қарай, дәрілік құралдармен қамтамасыз етілу жағдайын зерделеу.

4. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, сондай-ақ Орал қаласы мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, дереу:  

1) тәулік ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сауда нысандарының, коммуналдық қызметтердің және өзге де ұйымдардың басшыларымен карантин аймағына кіруге және шығуға арналған шектеулердің күшейтілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  

2) азық-түлік бөлімдерінде кезекке тұру бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру;    

3) қаланың дүкендерінде, супермаркеттерінде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында 2 метр сайын қозғалыс жолақтары мен қашықтық сызықтарын - «Жол таңбасын» орналастыруды қамтамасыз ету;

4) барлық автобустарда қолдарын антисептикалық құралдармен өңдеу және жеке қорғаныш құралдарын тағу қажеттігі туралы хабарлауды ұйымдастыру.

5. Ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесе:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;

2)тұрғындар үшін қосымша қабылданған карантиндік шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, карантин кезеңінде көшелерде жүру ережелері, сақтық шараларын сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

3) жағдайдың өзгеруі және науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.

6. БҚО төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы хабардар ету мақсатында қалалық хабарлау жүйесін, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы дикторлардың дауыстап хабарлау жүйесін іске қосу.

7. Барлық аумақтық мемлекеттік органдарға және оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға, заңды тұлғаларға (меншік нысанына қарамастан), жеке кәсіпкерлерге:

1) жұмыс күнін 2 (екі) сағатқа қысқарту;

2) төмендегідей сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

• қызметкерлерге қолғаптар мен бір реттік маскалар тарату;

• үй-жайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау;

• дүкендер, дәріханалар, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерде санитайзерлер орнату;

• үй-жайдың ішінде адамдар санын шектеуді қатаң сақтау – 20 шаршы метрге 1 адамнан аспауы тиіс;

• азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуі;

• үй-жайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр  қашықтықтың сақталуын бақылау;

• үй-жайдың ішінде және сыртында кезекте 5 адамға дейін шектеудің сақталуын бақылау;

• үй-жайға жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге тыйым салу.

8. БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің келесі қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:

- «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылдың 30 сәуірдегі №11-ПГВр қаулысы;

- «Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 8 мамырдағы №12-ПГВр қаулысы;

- «Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 10 мамырдағы №13-ПГВр қаулысы.

9. Осы қаулының орындалуын бақылау департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.

10. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 Батыс Қазақстан облысының

 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале