22.12.2023, 14:35
Оқылды: 56

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы жылды қорытындылады

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы биылғы жылдың қорытындыларына арналған жиын өткізді.

412870109_315646211440132_144059233240780074_n

Жиынға облыстық, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары және жүйенің жұмысына үлестерін қосқан учаскелік комиссияларының өкілдері қатысты.

Шара ҚР орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына арнайы дайындалған деректі фильмнің көрсетілімінен басталды.

412882108_315646981440055_4827576163964655107_n

Одан соң сөз алған БҚО АСК төрағасы Ғайса Қапаков өңірдегі сайлау жүйесі сайлау науқандарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын 4 мыңнан астам адамды қамтитынын, олардың 46-сы тұрақты әрі кәсіби негізде өз өкілеттіктерін жүзеге асыратынын атап өтті.

- Биыл конституциялық өзгерістерге сәйкес ҚР Парламенті сенаты мен мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Яғни, бір жылдан астам уақыт ішінде бес аса маңызды саяси науқан өткізілді. 19 наурыздағы сайлауда облыс сайлаушыларының 59,2 пайызы таңдауларын жасап, тұрақтылық пен маңызды реформаларға дауыс берді.

413844479_315647944773292_9204799069923552121_n

2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 45 аудан мен облыстық маңызы бар қаланың әкімдерін сайлайтынын жариялады. Жалпы, тікелей сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Жайық өңірінде аудан әкімдерінің тұңғыш сайлауы Бөкей Ордасы, Қаратөбе және Тасқала аудандарында республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті, – деді Ғайса Қапаков.

413877246_315645091440244_2720619709152229352_n

Сондай-ақ жыл ішінде 37 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастырып, әкімдер корпусын жаңарту үрдісі жалғасты. Ғайса Қапаков осы іс-шаралардың барлығын сапалы да заң аясында атқарған әріптестеріне ҚР Орталық Сайлау Комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровтің алғысын жеткізді.

ҚР орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ведомстволық медаль тағайындалған болатын. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Ольга Кинеева, Бисен Ижанов, Марс Жұмалиев, Серікқали Бақманов, Леонид Черыкаевтар марапатталды. Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы төрағасының Құрмет Грамотасы 10 адамға тапсырылды. Биік марапатқа ие болғандар негізінен сайлау жүйесінде ұзақ жылдар тынымсыз еңбек еткен учаскелік сайлау комиссияларының өкілдері. Олардың атынан сөз алған Леонид Черыкаев пен Ғалия-Бану Игбаевалар жауапты жүйедегі қызметтерін жоғары бағалаған ҚР орталық сайлау комиссиясы басшылығына алғыстарын білдірді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының

 баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале