2.03.2026, 13:00
Оқылды: 34

БҚО ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру бойынша көш бастап тұр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдың қорытындысы жарияланды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жол картасы индикаторларын орындау бойынша Батыс Қазақстан облысы республикалық деңгейде көшбасшы ретінде аталды.

WhatsApp Image 2026-03-02 at 12.07.36

Бұл жетістік – өңірдегі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің маңдай тері мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімді іске асырылуының жемісі. Министрлік атап өткендей, БҚО ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру мен стратегиялық міндеттерді орындауда өзге өңірлерге үлгі болып отыр.

Егіс алқаптарын әртараптандыру, заманауи техникаларды лизингке алу және минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша көрсеткіштер өңір экономикасының серпінді дамуын айқындайды.

Айта кетейік, биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы 626 мың гектарды құрайды. Тыңайтқыштардың көлемін 60 900 тоннаға, элиталық тұқымдардың үлесін 6,2%-ға дейін арттыру көзделген. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларының паркі 8%-ға жаңартылмақ.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале