22.08.2019, 17:00
Оқылды: 15

БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Кадрлық тағайындау «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Айымгүл Тржанова Мақсотқызы тағайындалды.

bilim (2)

Айымгүл Мақсотқызы – 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «тарих пәнінің мұғалімі» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №4 мектебінің мұғалімі,

- Бөрлі ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы,

- Бөрлі ауданы туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі,

- Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі,

- Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің басшысы болып 11 жыл жұмыс жасады.

2018 жылдың қазан айынан бастап Бөрлі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале