22.11.2017, 13:08
Оқылды: 97

БҚО білім басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық негізде және ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Қадырова Шолпан Маратқызы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметі.

Шолпан Маратқызы 1991 жылы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтты бітірген.
Қадырова Шолпан Маратқызы еңбек жолын 1991 жылы Жымпиты орта мектебінің мұғалімі ретінде бастаған.
1994-1995 жылдары Орал педагогикалық колледжінің оқытушысы, 1995-1998 жылдары Сырым ауданының білім бөліміндегі тәрбие орталығының директоры, 1998 жылдан бастап Дәулеткерей атындағы өнер институтында әртүрлі қызметтерде болды. Ал 2000-2002 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері болып жұмыс жасайды. 2002 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарады. 2009-2011 жылдары Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернат-кешенінің директоры болған. Ал 2011 жылдан бүгінге дейін физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Орал қаласындағы филиалының директоры қызметін атқарды.

Облыс әкімі А.Көлгінов білім басқармасының басшысына Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін ең қажеттісі – білімнің салтанат құруы туралы айтқанын баса көрсетіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім берудің озық үлгілерін облыс мектептеріне енгізу бағытында жұмыстануды, қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты болдырмау мақсатында шалғай ауылдардағы шағын жинақталған мектептерде электронды оқытудың заманауи құралдарын қолдануды, кең жолақты интернет жеткізу бағытындағы жұмыстарды жүргізуді, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале