23.04.2018, 18:31
Оқылды: 46

БҚО: биыл 220 білім ошағына «Білім book» электронды жүйесін жеткізуге қаражат бөлінді

14«Нұр Отан» партиясы ғимаратының үлкен залында «БатысБілімТаlks» лекторий жобасының І сессиясы «Цифрландыру: баршаға қолжетімді сапалы білім» тақырыбымен өтті.

Оның жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, «BilimmediaGroup» ЖШС-ның директоры Рауан Кенжеханұлы, «Knowledge Egineering» ЖШС-ның директоры Нартай Әшім қатысты.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамытуды, педагог мамандығының мәртебесін көтеруді, білім беру ортасында цифрлық технологияларды қолдануды көздеген «БатысБілімТаlks» лекторийінің жобасы құрылды.

Басты мақсат  – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің  ұлттық жүйесін дамыту. Соған орай өткен сессияға аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер, студенттер қатысты.

Сессия жұмысына облыстық білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова модераторлық етті.

Сессияға қатысушылар жиын барысында сандық режимде тіркеліп, спикерлермен  онлайн режимінде кері байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Қатысушылар смартфон арқылы спикерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Облыс әкімі жиынға қатысушыларға «қош келдіңіздер» айтып, Елбасымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жұмыстарға, білім беру саласын цифрландырудың үлкен жетістіктерге бастайтынын, Елбасының биылғы Жолдауын да «ақылды қалалар» жөнінде, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасында да цифрлық білімнің салтанат құруына мән-маңыз берілгеніне, мұғалімдерді цифрландыруға даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

-Қазіргі уақытта өңірде 152 елді мекен интернетке қосылмаған. Бұл 35 пайызды құрайды. Шалғайдағы ауылдарда шағын комплектілі мектептер бар. Сол мектептерден сессияға директорлар,  мұғалімдер келіп отыр. Сол мектептер қала мектептерінен кем болмауы үшін биыл 220 білім ошағына «Білім book» электронды жүйесін жеткізуге қаражат бөлінді, қазір конкурс жүруде, 1 қыркүйекте, жаңа оқу жылында жаңа компьютерлермен, бағдарламасымен онлайн контентпен қамтамасыз етіледі.

Аудан орталықтарындағы мектептерде оқушылар электрондық бағдарламаларды, жаңа технологияларды толық қолданатын болады. Бұл жұмысты жыл сайын жаңғыртып отыруымыз керек. Бүгін мұғалімдерімізді жаңалықтармен таныстыратын боламыз, - деді облыс әкімі.

Гүлбаршын Әжгереева

zhaikpress.kz

22

14

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале