4.12.2025, 15:15
Оқылды: 15

БҚО бойынша ЭТТД-мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауы

Кәсіпкерлік қызмет саласында заңдылықты қамтамасыз ету және адал бизнес субъектілерін қорғау мақсатында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа сауда және өндірістік жабдықтарды пломбалайтын ілмекті-пломбалау құрылғылардың (ІПҚ) заңсыз сатылуына қатысты қылмыстық істі жолдады.

Victims claim with a lawyer about unfair contracts in purchasing homes

Сурет: istockphoto.com

Фигурант – жеке кәсіпкер – тауар белгісін құқық иесінің ( «Корпорация Нукер» ЖШС) рұқсатынсыз пайдаланудың заңсыз екендігін алдын ала біе тұра, 2022 жылдың ақпан айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін материалдық пайда табу мақсатында контрафактілі ІПҚ сатып алып, сатқан.
Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, тауар белгісін пайдалану оның таңбасы қойылған тауарды сатуды да білдіреді.
Кәсіпкердің әрекеттерімен тауар белгісінің иесіне 131 686 615 теңге материалдық залал келтірген.
Сот үкімімен оған 40 (қырық) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Алайда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 24 маусымнан бастап сотталған адам жазаны өтеуден босатылды.
Сонымен қатар, сотталған тұлға келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті.
Департамент кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес жүргізу үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, жұмыстың басты басымдығы болып қала беретінін атап өтеді. Ілмекті-пломбалау құрылғылар мен шаруашылық айналымының қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де өнімнің заңсыз айналымы нарықтағы сенімділікті төмендетіп, адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады.
Осыған байланысты Департамент арнайы өнімдерді тексерілген жеткізушілерден сатып алу қажеттігін еске салады, сондай-ақ кәсіпкерлерді мұндай өнімнің заңсыз саудасы фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады. Тек мемлекет пен бизнестің бірлескен шаралары құқықбұзушылықтарға тиімді қарсы тұруға және кәсіпкерлік ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале