Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018 жылдың 9 айында Департаментпен 179 аудиторлық іс шараларын жүргізіліп 5 200 656,15 мың. тенгенің қаржысы бақылаумен қамтылды.
Аудиторлық іс-шаралар арқылы 3 486 234,6 мың. теңгенің бюджет немесе басқа заңнамалардың бұзушылықтары анықталып, оның ішінде өндірілуге және қалпына келтірілуге жататын сомалар 809 474,51 мың.теңге немесе барлық бұзушылықтардың 29 пайызын құрады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар бойынша бақылаумен қамтылған 2 849 942,93 мың теңге қаражаттың 168 сатып алу рәсімі 2 411 265,94 мың теңге заң бұзушылықпен өткізілгендігі анықталды.
Департаментпен мемлекеттік сатып алу заңнамаларын сақталуына жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен 249 299,2 мың.теңгенің 54 мемлекеттік сатып алу рәсімі қорытындысы күшін жойды. Осымен қатар, құқық қорғау орындарына маман ретінде 70 қорытынды берілді.
Есепті мерзім ішінде Департамент мемлекеттік сатып алу веб порталы статистикалық деректері негізінде 83 миллиард 536 миллион теңгеге 7359 сатып алу/лот камералдық бақылаумен қамтылып бақыланды.
Камералдық бақылау іс-шаралары барысында анықталған 978 бұзушылықты және оларға ықпал ететін себептерін, жағдайларды жою жөнінде хабарлама жіберілді.
Жыл басынан Департаментке 833 арыз-шағымдар түсіп, оның 749-ы (89,9%) қаралды, соның ішінде 406 (54,2%) толықтай немесі ішінара қанағаттандырылды. 270 (36%) арыз-шағымдағы дәлелдер расталмағандықтан Департаментпен қарау бас тартылса, 40 (5,3%) заңнамаларға түсiнiк беріліп, 33 (4,4%) қарауды тоқтату туралы өтінімдер негізінде тоқтатылды.
Бақылау іс-шаралары анықтаған кемшіліктер мен құқықбұзушылықтар үшін бақылау нысандарының 100 лауазымды қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 147 әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде 142 әкімшілік іс лауазымды тұлғаларға, 5 әкімшілік іс заңды тұлғаларға қатысты. Қозғалған барлық әкімшілік істердің 70 пайызы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы «Мемлекеттікң сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар» болып табылады. Салынған айыппұлдардың сомасы 12 914 850 теңгені құрады.
Процессуалды шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау орындарына жолданған 22 аудит материалы негізінде 4 қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекеттік аудиторлар тарапынан этикалық нормалармен ережелерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылықтар анықталса, Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Пак Виталий Львовичке 8 (7112) 50-50-28 телефона арқылы хабарлай аласыздар.
Макуза Мукаева,
БҚО ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 аудит сәйкестігі бөлім басшысы