20.01.2021, 13:12
Оқылды: 23

БҚО-да 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ ұйымдастырылуда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 165-бабына сәйкес бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.

 ас

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша Бөрлі және Шыңғырлау аудандарынан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлескен түрде жұмыстар жүргізуде.

- Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарында тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі.

Биыл 19 қаңтардан бастап 98 мектепте (Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Тасқала, Жәнібек және 1 облыстық мектепте) 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале