24.01.2023, 10:47
Оқылды: 51

БҚО-да 12 шетелдік көлік иесі мемлекеттік нөмір алды

Кеше елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. 

IMG_20230124_103454_928

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары таңғы тоғыздан бері осы бағытта жұмыстануда.

Кеше облыста 150 адам көлігін заңдастыруға өтініш берген.

Олардың ішінде 32 адам алғашқы екі кезеңнен өткен. Алғашқы екі кезең өтініш беру және көлікті криминалисттің тексеруінен тұрады.

Осыған дейін 12 адам көлігін заңдастырып, мемлекеттік нөмір алған.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылуда.

Мекемеде орталық мамандары қажетті нұсқаулық пен кеңес беруде.

zhaikpress_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале