6.09.2024, 12:46
Оқылды: 301

БҚО-да 140 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз маманы Кенжегүл Мұхитова айтты.

F0F560D7-84B5-422F-8A06-FCCEF86782A9

Сурет: freepik.com

Көктем-күз айлары – тұмау мен суық тиюдің өршейтін уақыты. Қазірде байқасаңыздар  айналамызда суық тиіп ауырып жатқан ересектер мен балалар баршылық.

Тек 2023 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейінгі аралықта 140 747 адам ЖРВИ жұқтырған. Ал 53 адам тұмаумен ауырып тұрыпты.

Мамандар жай суық тигізсеңізде дәрігерге қаралыңыз, үйден емделу өкпені зақымдайды. Әсіресе ең қауіптісі пневмонияға әкеліп соғады деп отыр.

– Қазір өте көп адам ауырып жатыр. Бұл күз айларында жылда ЖРВИ мен тұмау өршейтін уақыт. Біз облыс тұрғындарына мынаны айтқымыз келеді. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері – қызу көтерілу, түшкіру, мазасыздық белгілері байқалса дереу дәрігерге бару керек. Немесе үйге дәрігер шақырыңыздар. ЖРВИ мен тұмауды өз бетінше емдеуге болмайды. Бұл – өте тез ушығатын инфекция. Оның ең қауіпті тұсы, ауру асқынса пневмонияға апарып соғады. Сондықтанда науқастар шұғыл дәрігерге қаралуы керек. Біз адамдарды үйден емделмеуге шақырамыз. Егер үйдегі балаларыңыз ауырып қалса мектеп, балақбақшаға жібермеңіздер. Бұл – бала денсаулығы үшін өте қауіпті. Үйді, кеңсені жиі желдетіп, балалардың қолын мұқият жууын қадағалау керек. Негізі осындай маусымдағы инфекциялар кезінде көпшілік орындарға бетперде тағып барған дұрыс,- деп атап өтті БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз маманы Кенжегүл Мұхитова.

Айта кетейік, күзде тұмаумен ауырмау үшін екпе алған дұрыс дейді мамандар. Тұмауға қарсы екпені алу тегін. Ол үшін адамдар өздері тіркелген емханаларға барып, дәрігерге көрінуі тиіс.

– Бұл екпені негізінен осы инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдар алуы тиіс. Олар медицина қызметкрелері, студенттер, мұғалімдер, қызмет көрсету орындарының мамандары. Бұдан бөлек ерікті түрде тұмауға қарсы екпе аламын деген кез-келген адам осы екпені ала алады, - деп атап өтті маман.

Тұмауға қарсы екпе салу 15 қыркүйекте басталады.

– Көктем-күз айлары жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралауы жиілейтін уақыт. Бұл инфекция өте оңай және тез таралады. Әсіресе адам көп жүретін жерлерде инфекцияның таралауы өте жоғары. Бұл кезде адамдарда түшкіру, бас ауру, қызу көтерілу, тамақ біту секілді белгілер болады. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында 15 қыркүйектен бастап тұмау ауруына қарсы екпе салу басталады, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз маманы Кенжегүл Мұхитова.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале