13.06.2025, 18:00
Оқылды: 140

БҚО-да 1,6 млн теңгеге ұрлық жасаған гастролер ұры ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер Орал қаласында ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

aaa0a001dc45203efc6099e73ad15899_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Қылмыс 11 мамыр мен 8 маусым аралығында көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Тергеу барысында анықталғандай, 18 жастағы Жамбыл облысының тумасы жәбірленушімен бір пәтерде бірге тұрып, бөлмені жалға алған. Сенімге кірген ол қолайлы сәтті пайдаланып, 500 мың теңге ақшаны, төрт алтын сақина мен сырғаны, күміс сақина және қолдан жасалған алқаны жасырын түрде алып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын — 1,6 миллион теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, оның бұған дейін Алматы мен Ақтау қалаларында да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленіп, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция азаматтарға пәтер жалға беру кезінде сақтық шараларын күшейтіп, жеке мүлікке мұқият болуға кеңес береді. Сенім – ең алдымен қауіпсіздік екенін ұмытпаған жөн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале