12.01.2026, 12:15
Оқылды: 55

БҚО-да 167 дәрігер жетіспейді

Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев айтты.

сырым су медицина
2025 жылы БҚО-на 193 дәрігер маман жұмысқа келген. Облысқа осынша көп дәрігердің келуі бұрын сонды болмаған дейді басқарма басшысы. Соған қарамастан жоғары білікті дәрігерлердің тапшылығы ашық күйінде қалып отыр.
- БҚО-на шақыртылған 193 дәрігердің 50 пайызы аудандық жерлерге орналастырылды. Және жаңадан ашылған медициналық ұйымдарға жолдамамен жіберілді. 2025 жылы облысқа келген дәрігер мамандарға 1 млрд 100 млн теңгеге көтерме ақы төленді. Атап айтсақ, ауылдық жерлерге жұмысқа барған дәрігерлерге 8,5 млн теңгеден, ал қалада орналасқан дәрігерлерге 5 млн теңгеге дейінгі аралықта көтерме ақы төленді. Бұдан бөлек ауылдық жерге жіберілген дәрігерлердің бәрін де баспанамен қамтау мәселесі шешіліп жатыр. Жалпы дәрігер маман тапшылығы бұл қашанда болатын дүние. Қазірдің өзінде облысқа жоғары білікті 167 дәрігер қажет,- деп атап өтті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев.
Басқарма басшысы қазір аудандардағы әйелдердің босану бөлімдерін жабдықтап жатқанын да атап өтті.
- Қосымша аурулары жоқ әйелдерді қажет кезінде сол аудандарда босандыруға мүмкіндік жасап жатырмыз. Қазір барлық ауданда дерлік акушер-гинеколог маманмен қамтылды. Және босану залдары жабдықталды, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале