2020-2021 оқу жылының 4 тоқсаны басталғалы отыр. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес, төртінші тоқсанында оқыту режимі қарастырылады.
– Контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
– Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптары, 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының мектептерінде сыныптардағы балалар санын 15 адамнан асырмай ата-аналардың өтініші негізінде аралас форматта оқыту;
- 9, 11-сыныптар үшін 15 адамнан асырмай («1-сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау) аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқыту қарастырылады.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытылады.
Білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы бақылауда болады.
Батыс Қазақстан облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметі