8.11.2023, 10:30
Оқылды: 37

БҚО-да 21 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылған

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі биыл 23 қаңтардан 30 маусымға дейін біздің елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдады.

Полиция ЖП

Алайда елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік заңдастыруға жатпайды.

БҚО-да 21 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды. Бұл туралы БҚО полиция депаратментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер 31 желтоқсанына дейін ғана қаралады.
Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр.
Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале