18.10.2017, 16:24
Оқылды: 53

БҚО-да 25 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды

Cv1DaplWEAERJDIБұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Болат Исақов мәлімдеді.

Мемлекеттік қызмет заңнамасын бақылау аясында департаментпен ағымдағы жылдың 9 айында 40 тексеру жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде 545 заңбұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға 15 заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс беріліп, бүгінгі күні 14 ұсыныс орындалған. Бір ұсыныс БҚО әкімі аппаратының қарауында. Тәртіптік жауапкершілікке 23 қызметкер тартылды. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өткізіліп, онда 66 мәселе қаралған.

Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 25 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Атап айтсақ, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 8, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін 17 мемқызметкер жазаланған. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының ағымдағы жылдың 9 айына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, 788 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаларға тартылған. Олардың ішінде 479 жергілікті атқарушы органдарының, 309 аумақтық органдарының мемқызметшілері бар. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 788 мемлекеттік қызметшінің 661-нің істері тәртіптік комиссия отырыстарында қаралмай тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Есепті кезең ішінде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 46 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаларға тартылған.

2017 жылдың 9 айында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша 62 мың адамның қатысуымен 549 іс-шара өткізілді, – деді Болат Исақов.

Баспасөз мәслихатының соңында спикер журналистердің сауалдарына жауап берді.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале