10.10.2024, 18:00
Оқылды: 101

БҚО-да 25,0 мың га жайылым тапшы

Биыл облыстағы 74,0 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Аграрлық салада пайдаланылатын жерлерді айналымға енгізу мақсатында өңірде конкурстар өткізіліп жатыр.

16a2b5f7-75eb-40d1-a050-b94a2ba9ba4a

– Осы жылы аудандардың жергілікті атқарушы құрылымдары жалпы көлемі 92,2 мың гектар 169 жер учаскесі бойынша 30 конкурс өткізді. Нәтижесінде аумағы 83,6 мың га 148 жер учаскесі  табысталды. Сонымен қатар көлемі 29,4 мың га 44 жер теліміне 8 конкурс өткізу жоспарлануда. Аудандарда бұдан басқа аумағы 54,0 гектар 109 жер учаскесіне 64 аукцион өткізілді. Аукциондарды электронды түрде өткізу сауда-саттықтың ашықтығын, қолжетімдігін, бәсекелестіктің жоғарылауын, ұйымдастырушылар уақытының үнемделуін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн, – деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен  брифингте.

Басқарма басшысының мәліметінше, 2023 жылдың 9 қазаннан бастап Орал және Ақсай қалаларында жергілікті атқарушы құрылымдар жер учаскелерін беруге өтінімдерді тек электронды түрде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды. Өңірлік геоақпараттық жүйе (геопортал) платформасында қажетті келісулер жүргізіліп, соның нәтижесіне қарай шешім шығарылады. Қазанның 4-індегі жағдай бойынша Ақсай және Орал қалаларында жер учаскелерін алуға 2599 өтінім берілген. Оның 879-ы мақұлданған болса, 287-сі өңделуде, ал 1433 өтінімнен бас тартылған. Жалпы облыста 25,0 мың га жайылымдық жердің тапшылығы байқалады.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале